Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да 33 бас мал ұрлаған топ қолға түсті

2019 жылдың 10 қаңтар 2019 16:35

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Семей қаласы мен Жарма ауданында былтыр тамыз айында жоғалған 33 малдың ізі Өскеменнен шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Күдікті ретінде ұсталғандардың бірі - 41 жастағы Ұлан ауданының тұрғыны болса, екіншісі - 38 жастағы өскемендік.

Әуелі Жарма ауданынан 23 бас мал жоғалғаны туралы хабар түскен болатын. Иесі жоғалған малдың құнын 4 млн теңгеге бағалаған. Көп ұзамай Семейдің іргесіндегі Жаңа Бөжен ауылынан 10 бас сиыр ұрланады. Иесі 2,2 млн теңгеге зиян шеккенін айтып, арызданған.

Сақшылар екі оқиғаның бір-біріне тым ұқсас екенін аңғарған. Кейін бұл болжамдары расталып, күдіктінің бірі Ұлан ауданында ұсталған. Оның сыбайласы екі ай бой тасалап, ақыры Өскеменде қолға түседі. «Ұрланған малдың бір бөлігі Өскемен базарларында сатылып кеткен болып шықты. Пышақтан аман қалғандары иесіне қайтарылды. Ұсталған екеудің өзге де мал ұрлығына қатысы тексеріліп жатыр. Былтыр 200 мал ұрлығының беті ашылып, 63 топ ұсталды» - дейді облыстық полиция департаментінің Қылмыстық полиция басқармасының басшысы Нұркен Көпжасаров.

Жоғары қарай