Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да 3 медицина қызметкері психотроптық заттарды сатып келген

2021 жылдың 7 желтоқсан 2021 19:57

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында психотроптық заттарды заңсыз сатқан 3 медицина қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары өңір аумағында есірткі айналымына қатысты құқық бұзушылықтарды анықтауға бағытталған «Дәрмек» жедел-алдын алу шарасын жүргізді.

«Шара барысында құрамында есірткі және психотроптық заттар бар дәрілерді рецептсіз жіберу, осындай заттармен жұмыс істеу ережелерін бұзу фактілеріне ерекше назар аударылған. 19 дәріхана, 12 емхана мен 7 кәсіпорын тексерілді. Нәтижесінде, психотроптық заттарды заңсыз сатқан 3 медицина қызметкері анықталды. Оларға қатысты ҚР ҚК-нің 303-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды», - делінген ақпаратта.

Сондай-ақ Семей қаласындағы дәріхана фармацевті дәрілерді рецептсіз босатқан. Қазіргі уақытта ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабы бойынша тиісті материал ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданды.


Жоғары қарай