Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

ШҚО-да 170 мыңнан астам адам Pfizer вакцинасын салдырды

2022 жылдың 24 қаңтар 2022 17:40

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 170 мыңнан астам адам Pfizer вакцинасын салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде COVID-19 инфекциясына қарсы америкалық Pfizer вакцинасын салдыру науқаны жалғасуда.

«Бүгінгі таңда Pfizer вакцинасын алатындар санатындағы халықты иммундау жұмыстары қарқынды жүруде. Аймақ бойынша аталған екпені 170 611 адам салдырды. Оның ішінде 12-18 жас аралығындағы 151 547 бала бар. Оларды вакциналау тек ата-анасының рұқсатымен жүргізілуде. Сондай-ақ 4 532 жүкті және 12 627 бала емізетін әйел екпе алған», - делінген ақпаратта.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО-дағы ауруханаларда 90 күнге жететін дәрі-дәрмек қоры бар екендігі хабарланған.


Жоғары қарай