Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

ШҚО-да 136 мыңға жуық адам ревакцинациядан өтті

2022 жылдың 21 қаңтар 2022 12:19

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 136 мыңға жуық адам коронавирусқа қарсы ревакцинациядан өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде жасөспірімдерге, жүкті және бала емізетін әйелдерге Pfizer екпесін салу жұмыстары белсенді жүргізілуде.

«Бүгінгі таңда аталған вакцинаны 163 748 адам алды. Оның ішінде 146 159 жасөспірім болса, 17 000-ға жуығы – жүкті және бала емізетін әйел. Екпенің екінші компонентін – 68 420 адам салдырған. Сондай-ақ облыста 60 жастан асқан қарттар мен медицина қызметкерлері үшін Pfizer екпесімен ревакцинациядан өтуге мүмкіндік бар. Қазір осы санаттағы 957 адам үшінші рет вакцина алып отыр», - делінген ақпаратта.

Жалпы аймақ бойынша қазірде 136 мыңға жуық адам коронавирусқа қарсы ревакцинациядан өткен.


Жоғары қарай