Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО: 8 наурызда 28 мыңға жуық көпбалалы анаға бірреттік төлем беріледі

2021 жылдың 3 наурыз 2021 18:29

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай 28 мыңға жуық көпбалалы анаға бірреттік төлем беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО әкімі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, мереке қарсаңында көпбалалы аналар 5 АЕК (14 585 теңге) мөлшерінде бірреттік төлем алады.

«Нақты айтсақ, «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған және 1 және 2-дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған 13058 көпбалалы ана, сондай-ақ бірге тұратын 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу бөлімінде оқитын балалары бар 14707 көпбалалы анаға бірреттік төлем беріледі», - делінген хабарламада.

Жалпы 2021 жылы аталған төлемдерге 27 765 көпбалалы ана үшін 404 955 мың теңге қарастырылған.


Жоғары қарай