Ауа райы
Астана 26 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Шетелдік журналистер қазақстандық әріптестерін кәсіби мерекемен құттықтады

2020 жылдың 28 маусым 2020 13:38

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шетелдік журналистер қазақстандық әріптестерін кәсіби мерекемен құттықтады.

Қазақстан журналистерін қазақ тілінде кәсіби мерекелерімен құттықтаған шетелдіктердің қатарында Бельгиядан Паскаль Хансен, Әзербайжаннан Вусал Тагибейли мен Фардин Исазаде, Италиядан Киара Спегни, Украинадан Олена Абрамович, Брюсельден Георги Готов, Финляндиядан Соили Семкина, Испаниядан Эстер Эрера, Татарстаннан «Татар-информ» ақпараттық агенттігінің журналисі Зиля Мубаракшина болды.

«Құрметті қазақстандық журналист әріптестер! Сіздерді Қазақстандағы бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен құттықтаймын», - деді әзербайжандық Вусал Тагибейли.

Айта кетейік, аталған видеоролик ҚазАқпараттың Бельгиядағы меншікті тілшісі Тимур Дүйсекеев пен Әзербайжандағы меншікті тілшісі Бекбау Таймановтың және басқа да әріптестеріміздің көмегімен жасалды.

Еске сала кетейік, бүгін Қазақстандағы Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні.


Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: Қоғам, БАҚ,
Жоғары қарай