Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шетелдік инвесторлармен 4,7 млрд доллардың келісімі жасалды

2018 жылдың 3 шілде 2018 11:24

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада өтіп жатқан Kazakhstan Global Investment Roundtable жаһандық инвестициялар жөніндегі дөңгелек үстел отырысы аясында 4,7 млрд долларды құрайтын 32 коммерциялық құжатқа қол қойылды. Инвестициялар ел экономикасының барлық салаларын қамтитын жоғары технологиялық жобаларға тартылатын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, Kazakh Invest пен француздық ТНК Servier JSC арасында фармацевтикалық препараттар өндірісі бойынша жобаларды жүзеге асыру жөнінде түсіністік меморандумы рәсімделді.




nullМашина жасау саласында Қарағанды облысының әкімдігі мен Hebei Hua Tong Cable компаниясы кабель өнімдері өндірісі бойынша жол картасын бекітті.

Ал жеңіл өнеркәсіп саласында Kazakh Invest пен түркияның Cukurova Holding компаниясы гофрокартон каптамаларын шығаратын зауыт құрылысын бірлесіп қолға алатын болады.

Сонымен қатар тараптар жіп пен мата шығаратын зауыт салуға уағдаласты.

Агроөнеркәсіп саласында да бірқатар құжатқа қол қойылды. Мәселен, Eursian Agro Holding пен австралиялық Cedar Meats Australia компаниясы етті қайта өңдейтін зауыт құрылысын қолға алмақ.




nullKazakh Invest пен түріктің Dal Holding компаниясы болса аумағы 200 гектарды құрайтын жылыжайды көкөніс сақтайтын қоймасымен бірге жүзеге асырады.

Сонымен қатар Kazakh Invest қытайдың Hangzhou Qiandaohu xinLong Sci-tech компаниямен бірге жылына 12 мың тонна бекіре балығын өсіріп, өңдейтін, 2 мың тонна уылдырық шығаратын жобаны жүзеге асыратын болады.




nullМұнай-газ, химия саласында Kazakh Invest пен West Hydrocarbons Commercial Investment компаниясымен меморандумға қол қойды. Құжатқа сәйкес заманауи мұнай өңдеу зауыты салынады.

Ритейл саласында Kazakh Invest пен француздық Decathlon Kazakhstan компаниясы спорттық киімдер мен құрал-жадбықтарды сатумен айналысатын дүкендер желісін құратын болады. Сондай-ақ тараптар алдағы уақытта 4800 жұмыс орнын құра отырып, өндіріс ошағын ашуға да ниетті.




nullМұнан бөлек, Франция, Германия, Түркия, Польша, Ресей, Қытай сынды 13 елдің трансұлттық компанияларымен 8 жобаны жүзеге асыру туралы келісімге қол қойылды.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен өтіп жатқан KGIR-2018 жұмысына әлемдік ірі компаниялардың, отандық бизнестің, мемлекетттік органдардың 600-ден астам өкілі қатысуда. Еліміздің инвестициялық дамуын талқылау үшін елордаға Түркиядан - 60, АҚШ-тан - 43, Германиядан - 37, Ұлыбританиядан - 60, ҚХР - 49, Франциядан - 28, Ресейден - 30, БАӘ-ден 74 инвестор келді.

Жоғары қарай