Ауа райы
Астана -28 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шетелден ұшып келген 2 адамнан коронавирус анықталды

2020 жылдың 26 қараша 2020 10:38

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 25 қарашада Қазақстан Республикасының аумағына Египет, Түркия, РФ, Корея, БАӘ, Нидерланды, Беларусь Республикасы мен Өзбекстаннан 12 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, 1 026 әуе жолаушысының ішінде ПТР тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен - 921 азамат, анықтамасыз - 105 адам келді. Барлығы - ҚР азаматы.
О ның ішінде:
- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына - 6 рейс, 507 жолаушы, анықтамамен - 431, анықтамасыз - 76;

- Алматы қаласының әуежайына - 5 рейс, 420 жолаушы, анықтамамен - 391, анықтамасыз - 29;

- Атырау қаласының әуежайына - 1 рейс, барлық 99 жолаушы анықтамамен келді.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша карантиндік стационарларға орналастырылды және ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тестіленді.

ПТР-талдау нәтижесі бойынша екі жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды.


Жоғары қарай