Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шетелдегі қазақ тілін оқытушылар біліктілігін арттырды

2021 жылдың 28 қазан 2021 16:39

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Абай институты» бағдарламасы аясында АҚШ, Түркия, Ресей, Франция, Германия, Британия, Бельгия, Иран, Моңғолия, Өзбекстан, Мажарстан мемлекеттерінде тұратын қазақ диаспорасы өкілдеріне қазақ тілін үйретіп жүрген оқытушылары әдістемелік көмек алды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырысымен жүзеге асқан шара аясында оқытушыларға әдістемелік көмек ретінде «Қазақ тілін үйрету: отандық және шетелдік тәжірибе» курсы ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Отандастар» қорымен бірлесе отырып қазан айында онлайн режимде өткізілген шараның ұзақтығы бір аптаны құрады.

Курстың басты мақсаты шетелдердегі қазақ мәдени орталықтарына ғылыми-әдістемелік қолдау көрсету және Қазақстан аумағынан тыс жерде тұрып, қазақ тілін үйреніп және үйретіп жүрген қандастарымызға қолдау көрсету.

Курсты қазақ тілін үйретіп жүрген отандық оқытушылар мен әдіскерлер өздерінің жылдар бойы қалыптасқан тәжірибелері негізінде деңгейлер бойынша (А1, А2, В1, В2, С1) жүргізді.

«Тіл-Қазына» орталығының Әдістеме басқармасының басшысы Айгүл Орманова шараға қатысушыларға сандық технологияның көмегімен қазақ тілін ана тілі және екінші шет тілі ретінде оңтайлы үйрету, оқытудағы әдіс-тәсілдерді, әдістемелерді, технологияларды қазіргі кезең талаптарына байланысты қолдану жолдарын көрсетті. Қатысушылар тілді қашықтан тиімді оқытудың әдіс-тәсілдерімен танысып, өзара тәжірибе алмасты. Сондай-ақ оқытушылар қазақ тілін үйретуге арналған үздік оқу-әдістемелік құралдармен танысты. Курсқа 250-ге жуық тыңдаушы қатысып, сертификатқа ие болды.


Басты сөздер: Тіл, Қандастар,
Жоғары қарай