Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Шенеуніктердің ақпарат беру мәселесіндегі дискреттік өкілеттігін қысқарту қажет - сарапшы

2020 жылдың 10 маусым 2020 16:42

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шенеуніктердің ақпарат беру мәселесіндегі дискреттік өкілеттігін қысқарту қажет. Мұндай пікірді заң ғылымдарының кандидаты Аян Төреқұлов білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әрине, қызметтік пайдалануға арналған деген таңба үлкен проблемаға айналып отыр. Осыған байланысты «Ақпаратқа қолжетімділік туралы» Заңда ақпаратқа иелікетушілердің дискреттің өкілеттігін төмендетуді ұсынар едік. Отандық және халықаралық тәжірибе жария қзыметшілерге кең мүмкіндік, дискреттің өкілеттік беру жемқорлық қылмыстар үшін жағдай жасап қана қоймай, сонымен бірге жемқорлыққа да жан-жақты сеп болатындығын дәлелдеп отыр», - деді ол «Денсаулық сақтау саласының ашықтығы: Жаңа трендтер ақпаратқа қолжетімділікке қалай ықпал етеді» деген тақырыптағы онлайн пікірталас барысында.

Оның атап өтуінше, заң бұзушыға санкцияқолдану не қолданбау мәселесін лауазымды тұлғаның қарауына қалдыру да жемқорлыққа жан-жақты жол ашады.

«Бұған қоса, «Ақпаратқа қолжетімділік туралы» Заң ақпаратты иеленушіге, лауазымды тұлғаға субъективті шешім негізінде ақпаратқа қолжетімділік құқығын шектеуге мүмкіндік беретін, жан-жақты дискерттік өкілеттік жүктейтін көптеген норманы қамтиды. Заңда ақпаратты иеленушіге және лауазымды тұлғаға ақпаратқа қолжетімділік құқығын шектеу, ақпарат беруден бас тарту, шағымдардың басым тәртіппен қарау, лауазымды тұлғаның, ақпарат иеленушінің әрекет етуі немесе әрекет етпеуі бойынша өкілеттіктер жүктелген», - деді Аян Төреқұлов.


Жоғары қарай