Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шелек ауруханасындағы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды

2018 жылдың 3 шілде 2018 14:33

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Шелек ауруханасының ауласында үш адамның өлімімен аяқталған қайғылы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталып кетті. Қайтыс болғандардың екеуі - сантехник, үшіншісі - 34 жастағы дәрігер-травматолог болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір ҚР ҚК 156-бабының 4-бөлігі бойынша іс қозғалды. Марқұмдардың жерлеу рәсіміне әкімдік атсалысады және олардың жақындарына материалдық көмек көрсету жағы да қарастырылып жатыр», - деді Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел.

Естеріңізге сала кетейік, Шелек ауруханасының ауласында 5 адам кәріз құдығына түсіп, оның үшеуі улы газ салдарынан қайтыс болғанын хабарлаған болатынбыз. Кәріз жүйесін тазалап жатқан сантехник нәжіске батып, оған төрт адам көмекке ұмтылған еді. Өкінішке қарай, 3 адам нәжістің иісіне уланып қайтыс болды.

Жоғары қарай