Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Шектеу шаралары күшейтіледі: Балалардың аулада ойнауына рұқсат беріле ме

2020 жылдың 4 шілде 2020 13:59

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 5 шілдеден бастап елімізде шектеу шаралары күшейтілгеннен кейін балалардың аулада ойнауына бола ма? Бұл сауалға бүгін Бұл туралы ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қаулыда балалардың аулаға шығуына тыйым салу көзделмеген. Дегенмен, біз кәмелетке толмаған балалар көшеде, аулада ересектермен бірге ғана жүруге, сонымен қатар кез келген байланыстан барынша аулақ болуға кеңес береміз. Яғни, біздің кеңесіміз балалар аулада ойнаға кезде бір отбасының мүшелері шегінде ғана жүргені дұрыс. Өзге балалармен байланыста болмауға тырысу қажет. Өйткені, аурудың біреуден біреуге таралуы жүріп жатыр», - деді Бас санитар дәрігер Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Сонымен қатар ол карантиннің барлық шаралары вирустың адамнан адамға таралуының алдын алуға тізбекті үзуге бағытталып отырғандығын баса айтты.

Жоғары қарай