Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Шекара жабылуына байланысты шетелде қалған «болашақтықтарға» 66,4 млн теңге шәкіртақы төленді

2020 жылдың 1 шілде 2020 15:31

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Болашақ» бағдарламасымен оқуын аяқтағанымен шекара жабылып, әуе қатынастарының тоқтатылуына байланысты шетелде қалуға мәжбүр болған 84 стипендиатқа 66,4 млн теңге мөлшерінде шәкіртақы төленді. Бұл жайында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық мәліметінше, аталған стипендиаттардың 45-і қазіргі уақытта елге келді. Ал қалған 39 адам жақын арада оралатын болады. Сонымен қатар, СOVID-19 індеті кезінде Қазақстанға келіп алған 147 стипендиат елімізде қашықтан білім алуын жалғастырып жатыр. Оларға 192,8 млн теңге мөлшерінде шәкіртақы төленіп, 20,5 млн теңге мөлшерінде оқу елінен Қазақстанға дейінгі әуе билеттері алынды.

Қазіргі таңда «Болашақ» бағдарламасының 592 стипендиаты шетелде білім алуда.

Айта кетейік, 2020 жылғы 28 наурызда «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша шығыстар нормаларын, оқуға және тағылымдамадан өтуге үлгілік шарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 163 бұйрығына өзгерістер енгізілді.


Жоғары қарай