Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Шайбалы хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан Францияға есе жіберді

2022 жылдың 15 мамыр 2022 22:31

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін шайбалы хоккейден әлем чемпионатында топ-дивизионда Қазақстан құрамасы екінші ойынын Францияға қарсы өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінгі кездесуде қазақстандық хоккейшілер белсенді ойнаған еді. Алдымен Валерий Орехов 5-минутта Қазақстанды алға шығарды.

Екінші кезеңде франциялық құраманың белсенділігі аңғарылды. Нәтижесінде Александр Тексье 32, Флорьян Шакиашвили 39-минутта мергендік танытты.

Осылайша Қазақстан хоккейшілері Францияға 1:2 есебімен есе жіберді.

Енді олар үшінші ойынын 17 мамырда Швейцарияға қарсы өткізеді.

Айта кетсек, қазақстандық хоккейшілер А тобында сынға түседі. Қарсыластары - Канада, Словакия, Германия, Дания, Швейцария, Италия және Франция.

Еске салсақ, бұдан бұрын қазақстандық хоккейшілер Даниядан жеңіліп қалған еді.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Хоккей, Спорт, Қоғам,
Жоғары қарай