Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Шайбалы хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан Даниямен ойнайды

2022 жылдың 14 мамыр 2022 13:32

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін шайбалы хоккейден әлем чемпионатында топ-дивизионда Қазақстан құрамасы алғашқы ойынын өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүбірлі додада қазақстандық хоккейшілер А тобында сынға түседі. Қарсыластары - Канада, Словакия, Германия, Дания, Швейцария, Италия және Франция.

Ел құрамасы бүгін, 14 мамырда алғашқы ойынын Данияға қарсы өткізеді.

Кездесуді елорда уақытымен 15:10-дп «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Ал, В тобында Финляндия, АҚШ, Чехия, Швеция, Латвия, Норвегия, Ұлыбритания және Австрия шеберлік байқасады.

13 мамырда құрамалар алғашқы кездесуін өткізді.

Ойын нәтижелері мынадай:

А тобы

Франция - Словакия 2:4

Германия - Канада 3:5

В тобы

АҚШ - Латвия 4:1

Биыл жаһандық дода 85-мәрте жалауын көтерді.

Әлем чемпионаты 13-29 мамыр аралығында Финляндияның Хельсинки және Тампере қалаларында өткізіледі.

Еске салсақ, бұдан бұрын әлем чемпионатында сынға түсетін Қазақстан құрамасының хоккейшілері анықталды.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Әлем, Хоккей, Спорт,
Жоғары қарай