Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Шайбалы хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан Данияға есе жіберді

2022 жылдың 14 мамыр 2022 18:11

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін шайбалы хоккейден әлем чемпионатында топ-дивизионда Қазақстан құрамасы алғашқы ойынын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінгі кездесуде даниялық хоккейшілер өте белсенді ойнады. Нәтижесінде қазақстандық құрама қарсыласына 1:9 есебімен есе жіберді.

Енді Қазақстан құрамасы екінші ойынын 15 мамырда Францияға қарсы өткізеді.

Дәл қазір В тобындағы Швеция Австрияны 3:1 есебімен тізе бүктірді.

Бүгін тағы төрт кездесу өтеді. А тобында Швейцария мен Италия, Словакия мен Германия кездессе, В тобында Чехия мен Ұлыбритания, Латвия мен Финляндия шеберлік байқасады.

Еске салсақ, қазақстандық хоккейшілер А тобында сынға түседі. Қарсыластары - Канада, Словакия, Германия, Дания, Швейцария, Италия және Франция. Ал, В тобында Финляндия, АҚШ, Чехия, Швеция, Латвия, Норвегия, Ұлыбритания және Австрия шеберлік байқасады.

Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Хоккей, Спорт,
Жоғары қарай