Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шайбалы хоккейден ӘЧ: Қазақстан құрамасы Норвегияға жол берді

2021 жылдың 1 маусым 2021 01:27

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шайбалы хоккейден 2021 жылғы әлем чемпионатының элиталық дивизионында, 31 мамырда Қазақстан құрамасы Норвегиядан басым түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биылғы турнирде бұған дейін қазақстандық хоккейшілер төрт мәрте жеңіске жетіп, екі кездесуде қарсыластарына есе жіберіп қойды. Нәтижесінде алты ойыннан кейін он ұпай жинап, турнир кестесінде үшінші орынға жайғасты. Бүгін жеңіске жеткен жағдайда Қазақстан құрамасы өз тарихында тұңғыш рет плей-офф кезеңіне жолдама алатын еді.

Бұған дейін қазақстандық хоккейшілер буллиттен Латвияны 3:2, Финляндияны 2;1, негізгі кезеңде Германияны 3:2, Италияны 11:3 есебімен жеңді.

Алғашқы кезеңде қос құрама бір-біріне жиі шабуылдады. Осындай сәттердің бірінде 16-минутта қазақстандық Дмитрий Шевченко мергендік танытып, өз құрамасын алға шығарды. Бұдан кейін қос құраманың есепті өзгертетін бірнеше мүмкіндігі болды. Алайда оның ешқайсысы голға айналған жоқ.

Екінші кезеңде де құрамалардың шабуыл шебінде жиі бой көрсеткені байқалды. Десе де осындай сәттердің бірінде 27-минутта норвегиялық Томас Валькве Ольсен көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.

Ойынның 41-минутында норвегиялық Стефан Эспелан өз құрамасына алға шығарды. Ал 59-минутта оның әріптесі Матис Олимб қорытынды есепті белгіледі.

Осылайша қазақстандық құрама қарсыласына 1:3 есебімен жол берді. Турнир кестесінде әзірге он ұпаймен үшінші орында тұр. Ертең, 1 маусымда топтық кезеңдегі соңғы ойындар өткізіледі. Содан кейін плей-офф кезеңіне жолдама алған төрт құрама анықталады. Олардың қатарынан Қазақстан құрамасы да табылуы мүмкін.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт, Қоғам,
Жоғары қарай