Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шайбалы хоккейден ӘЧ: Қазақстан құрамасы Италиямен кездеседі

2021 жылдың 29 мамыр 2021 12:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шайбалы хоккейден 2021 жылғы әлем чемпионатының элиталық дивизионында бүгін, 29 мамырда Қазақстан құрамасы Италиямен кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған ойын елорда уақытымен 15.15-те басталып, Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі құрама бұған дейін жеті мәрте кездесті. Оның үшеуінде итальяндық хоккейшілер жеңіске жетсе, қалғанында қазақстандық құраманың мерейі үстем болды.

Еске салсақ, Қазақстан құрамасы биылғы турнирде бұған дейін бес кездесу өткізіп, үшеуінде жеңіске жетті. Алдымен буллиттен Латвиядан 2:1, Финляндиядан 3:2 есебімен басым түссе, одан кейін АҚШ-қа 0:3 есебімен есе жіберді. Төртінші кездесуде Германияны 3:2 есебімен тізе бүктіріп, одан кейін Канадаға 2:4 есебімен жол берді.

Ал Италия төрт кездесудің барлығында жеңілістің ащы дәмін татып, Германияға 49, Норвегияға 1:4, Латвия мен Финляндияға 0:3 есебімен жол берді. Турнир кестесінде сегізінші орында місе тұтты.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай