Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шайбалы хоккей: Қазақстан құрамасы Беларусьпен жолдастық кездесу өткізеді

2021 жылдың 13 мамыр 2021 17:26

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, 13 мамырда шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы Беларусьпен жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл 2021 жылғы Әлем чемпионатының элиталық дивизион ойындары алдындағы дайындық болады. Кездесу Литва астанасы – Рига қаласында өтеді. Ойын елорда уақытымен 21.00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Ал 15 мамырда екі құрама тағы бір мәрте жолдастық кездесу өткізеді.

Естеріңізге сала кетелік, әлем чемпионаты Литвада 21 мамыр және 6 маусым аралығында өткізіледі. Қазақстандық хоккейшілер В тобында Канада, Финляндия, АҚШ, Германия, Норвегия, Италия және Латвия құрамаларымен шеберлік байқасады.

Ал А тобында Швеция, Чехия, Швейцария, Словакия, Дания, Беларусь, Ұлыбритания және Ресей бар.

Қазақстан хоккейшілері әлемнің үздік құрамаларымен бірге бес жылдық үзілістен кейін сынға түскелі отыр. Соңғы рет 2016 жылы элиталық дивизионда мұз айдынға шықты.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт, Қоғам,
Жоғары қарай