Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шайбалы хоккей: Қазақстан құрамасы Беларусьпен жолдастық кездесу өткізеді

2021 жылдың 10 мамыр 2021 19:39

НҰР-CҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы әлем чемпионаты элиталық дивизионындағы ойындарынан бұрын екі жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық құрама 13 және 15 мамыр күндері Беларусь хоккейшілерімен шеберлік байқасады. Екі ойын да Литвада болады.

Естеріңізге сала кетелік, әлем чемпионаты Литвада 21 мамыр және 6 маусым аралығында өткізіледі.

Қазақстандық хоккейшілер В тобында Канада, Финляндия, АҚШ, Германия, Норвегия, Италия және Латвия құрамаларымен шеберлік байқасады. Ал А тобында Швеция, Чехия, Швейцария, Словакия, Дания, Беларусь, Ұлыбритания және Ресей бар.

Қазақстан хоккейшілері әлемнің үздік құрамаларымен бірге бес жылдық үзілістен кейін сынға түскелі отыр. Соңғы рет 2016 жылы элиталық дивизионда мұз айдынға шықты.

Айта кетейік, бұған дейін шайбалы хоккейден әлем чемпионатына қатысуға Қазақстан құрамасынан кімдер шақыру алғанын хабарлаған болатынбыз.



Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай