Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 409.19
EUR 461.24
RUB 5.67
CNY 58.26

Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі алғашқы жекпе-жегі пандемияға қатысты өтпейтін болды

2020 жылдың 15 наурыз 2020 13:59

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстандық спортшы Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі алғашқы жекпе-жегі пандемияға қатысты өтпейтін болды. Бұл туралы оның менеджері Саят Әбдірахманов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өкінішке орай, вирусқа байланысты Лондондағы жарыс АҚШ-қа ауыстырылады. Шавкаттың жұмыс визасы болмағандықтан, оның жекпе-жегі өткізілмейтін болды. Бұл туралы маған бір сағат бұрын хабарлады, ал Шавкат оны әуежайда болғанда естіген», - деп жазды Instagram-дағы парақшасында Әбдірахманов.

Еске сала кетейік, UFC-мен өткен жылдың жазында келісімшартқа қол қойған алғашқы қазақстандық жекпе-жек шеберінің бірінші айқасы 21 наурыз кұні Лондонда Fight Night 171 аясында өтуі тиіс болған. Оның қарсыласы польшалық Бартош Фабински еді.

Басты сөздер: Коронавирус, Спорт,
Жоғары қарай