Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шардарада ұлы Абайдың өнегелі өмірі насихатталды

2020 жылдың 10 тамыз 2020 22:24

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат –Шардара ауданындағы Абай ескерткішінің алдына гүл шоғы қойылды. Шараға аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиев пен мәдениет және тілдері дамыту бөлімінің басшысы Ш.Қапбаров бастаған бір топ қызметкер қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ескерткіштің алдында сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиев келешек ұрпаққа өшпес із қалдырған Ұлы Абайдың ғұмырынан сыр шертіп, ойшылдың өнегелі өмірін әрбір қазақ мәңгілікке үлгі тұту керектігін атап өтті.

Жеткіншектер Ұлы Абай өлеңдерін онлайн түрде жатқа оқып, бүкіл елге челлендж жолдады. Аудандағы орталық және ауылдық жерлердегі кітапханаларда ұлы ақының өлеңдері айтылып, онлайн концерттер ұйымдастырылды.

Айта кетейік, бүгінде шалғай ауданында кемеңгерге ерекше құрмет көрсетіліп келеді. Атап айтқанда, Шардара қаласындағы орталық көше Абай атымен аталады. Мектептерге де ұлы ойшылдың есімі берілген.


Автор Айнұр Ақбаева
Басты сөздер: #Аbai175, Түркістан облысы,
Жоғары қарай