Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шаңғы спорты түрлерінен әлем чемпионаты көрерменсіз өтеді

2021 жылдың 20 қаңтар 2021 10:59

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Халықаралық шаңғы спорты түрлері федерациясы Германия тарапымен бірлесе отырып, 2021 жылғы әлем чемпионатын көрерменсіз өткізу туралы шешім қабылдады, деп жазады Olympic.kz.

Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметі хабарлады. Бұған дейін жарысқа билет алып қойған жанкүйерлерге қаражаты қайтарылады.

Айта кетелік, әлемдік федерация турнирге көрермендерді қатыстыру туралы мәселені ұзақ талқылап, кейін осындай тоқтамға келді. Шаңғы спорт түрлерінен әлем чемпионатында шаңғымен жарысу, қоссайыс және тұғырдан секіруден жалпы есебі 23 жүлде жиынтығы таратылады.

Әлемдік сын Германияның Оберстдорф аймағында 23 ақпан мен 7 наурыз аралығында ұйымдастырылады.


Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай