Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шамалғандағы апаттан кейін жаяу жүргіншілерге арналған көпірі ашылды

2020 жылдың 25 қыркүйек 2020 12:38

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы облысы Шамалған стансасында болған жол апатынан соң жаяу жүргіншілерге арналған көпір салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін облыс әкімі Амандық Батталовтың қатысуымен көпірдің салтанатты ашылуы болды.

«Бүгін біз осы ерекше құрылыс нысанын пайдалануға беріп отырмыз. Көпірдің ұзындығы 59-60 метр болса, биіктігі 9 метрге жетті. Егде адамдар мен жас балаларға арналған екі лифт ашылды», - деді әкім.




Оның айтуынша, құрылысқа жергілікті бюджеттен 365 млн теңге жұмсалған. Құрылыс нысаны облыстық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық меншігіне беріледі.

Көпірдің ашылуында Жібек жол ауылының тұрғыны Оксана Викторовна тұрғындар тарапынан ризашылығын білдірді.

«Көпір құрылысын көп күттік. Жыл сайын жүретін пойыздар саны артып келеді. Балаларымды мектепке жібергенде уайымдайтынмын. Пандемия кезінде де көпір құрылысы тоқтамағаны қуантады. Нысан уақытында берілді. Облыс әкіміне алғысымды білдіремін», - деді ол.























Еске салсақ, 2019 жылы 15 қыркүйекте Шамалған станциясында рельстің үстінде тұрып қалған жолаушылар автобусымен жолаушылар пойызы соқтығысқан болатын.

Салдарынан автобус жүргізушісі сол жерде мерт болып, тағы 3 адам Қарасай аудандық ауруханасының жансақтау бөліміне түсті.

Сот жазаны тағайындау кезінде станция кезекшісі Ахмеджановтың өз кінәсін мойындап, шын өкінуін, оның жасын, отбасылық жағдайын ескере отырып, оны 3 жыл 6 айға шартты түрде соттаған еді.

Осы оқиғадан кейін Шамалған станциясында эстакада түрінде жол өтпесін салу шешілді. Жүргіншілер көпірінің құрылысы да басталды.


Жоғары қарай