Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шахрат Нұрышев Жапонияның Парламенттік Сыртқы істер вице-министрімен кездесті

2021 жылдың 26 тамыз 2021 20:44

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев Жапонияның Сыртқы істер Парламенттік вице-министрі Сатоши Наканишимен кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР СІМ ресми сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Жапония стратегиялық әріптестігінің жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады.

Ш.Нұрышев жоғары деңгейдегі саяси диалогтың, Қазақстан мен Жапония парламенттері арасындағы тығыз байланыстардың, сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстардың үдемелі дамудың, сондай-ақ екі ел арасындағы гуманитарлық байланыстардың маңыздылығын атап өтті.

С.Наканиши Қазақстанның ядролық қаруды таратпау және ядролық қарусыз әлем құру туралы идеяны ілгерілету мәселелеріндегі ерекше рөлін атап өтті. «Орталық Азия + Жапония» диалогы, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың, әсіресе БҰҰ-ның шеңберінде екі елдің өзара іс-қимылына жоғары баға берілді.




Жапон тарапына COVID-19 емдеу үшін қажетті медициналық жабдықтарды сатып алуға грант бергені үшін алғыс білдірілді. Бұл достық пейіл Қазақстан мен Жапонияның стратегиялық әріптестік рухының көрінісі.

Тараптар цифрландыру, қаржы, ауыл шаруашылығы және жасыл экономика сияқты салалардағы инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі әртараптандыру туралы уағдаластыққа қол жеткізді. Осыған байланысты Қазақстан мен Жапонияның экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық және жеке секторлар комиссиясының 8-ші отырысын жедел өткізудің маңыздылығы атап өтілді.




Жапония Қазақстан экономикасына жалпы инвестиция көлемі 7 млрд АҚШ долларынан асатын 10 ірі шетелдік инвесторлардың қатарына кіреді.


Жоғары қарай