Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Шахматшы Бибісара Асаубаева рапидтен әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды

2021 жылдың 29 желтоқсан 2021 11:09

ВАРШАВА. ҚазАқпарат - 28 желтоқсан күні Польша астанасында жылдам шахматтан (рапид) ФИДЕ-нің әлем чемпионаты аяқталды. Чемпионат қорытындысы бойынша, 17 жастағы қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева екінші орын иеленіп, күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанның шахмат федерациясына сілтеме жасап.

Шешуші партияларда Бибісара Грузияның тәжірибелі шахматшысы – гроссмейстер Нана Дзагнидзені, отандасы Әсел Серікбайды ұтып, әлем чемпионатының жеңімпазы – халықаралық гроссмейтер Александра Костенюкпен ойынды тең аяқтаған.
Биыл Б.Асаубаева әйелдер арасында онлайн өткен Азия чемпионатында жеңімпаз атанды, Қазақстан Республикасы құрамасында ойнап, Бүкіләлемдік шахматтан онлайн олимпиадада үздік 8 команданың қатарына кірген, көптеген халықаралық жарыстарда жүлделі орындарға ие болған.
Ал Қызылорда облысының өкілі әйелдер арасында халықаралық шебер Әсел Серікбайдың жеңіске жетуіне сәл ғана сәттілік жетпеді. Чемпионат бойы Әсел көшбасшылар қатарында болып, Катерина Лагно және Александра Костенюк сияқты әлемнің жетекші шахматшыларымен тең ойын жүргізген.
Бүгін блицтен шахмат чемпионаты басталып, 30 желтоқсанда аяқталады. Жарысқа Қазақстаннан 7 шахматшы қатысады.


Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай