Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Шахмат: 5 жасында Қазақстан чемпионы атанды

2020 жылдың 19 қаңтар 2020 09:53

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Алматыда 18 жасқа дейінгі балалар арасында шахматтан өткен Қазақстан чемпионатында 6 жасқа дейінгі топта павлодарлық Эльсид Эльмурзиев жеңімпаз атанды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Шахматтан Павлодар облысының аға бапкері Арман Габдушев бес жасар бүлдіршін мұндай қарқынды өнер көрсетеді деп ойламаған. - Эльсидтің нәтижесі қатты қуантты, - деді Арман Габдушев. – Бұл жастағы топта көптен бері біздің спортшылар жеңімпаз атанбаған еді. Басында Эльсид көш бастап келе жатып, қатарынан 2 рет жеңіліске ұшырады. Одан кейін өзін қолына алып, 2 ойында ұтып, 1-орынға қол жеткізді. Бұлай ерекше өнер көрсетеді деп күтпеген едік. Сонымен қатар, аталған чемпионатта 8 жасқа дейінгі топта тағы бір павлодарлық Ахмет Сулейман 3-орынды иеленді. - 8 жасқа дейінгі топта 6 жастағылардан қарағанда көп қатысушы болады, - деді аға бапкер. – Сәйкесінше, бәсекелестік жоғары. Сулейманның 3-орын алуы - өте жақсы нәтиже.

Айта кетейік, шахматтан 18 жасқа дейінгі балалар арасындағы Қазақстан чемпионатында жас ерекшеліктеріне қарай 6 топта 872 спортшы бақ сынады. Павлодар облысынан 37 жас шахматшы қатысты.
Басты сөздер: Павлодар облысы, Спорт,
Жоғары қарай