Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 448.52
EUR 490.32
RUB 5.69
CNY 63.23

Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы

2020 жылдың 18 ақпан 2020 01:02

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 18 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Республиканың басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады.

Елдің солтүстік бөлігінде қар күтіледі, оңтүстікте жауын – шашын (жаңбыр, қар) жауды, оңтүстік-шығыста қар, таулы, тау бөктеріндегі аудандарда қатты қар жауады. Тек еліміздің батысында ауа райы жауын – шашынсыз болады.

Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі, жел күшейеді, солтүстікте бұрқасынмен күтіледі.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарында жел түнде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан да көп болады, кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Павлодар облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Қызылорда, Түркістан, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Ақтөбе, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел 18 м/с жылдамдықпен соғады.


Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Жоғары қарай