Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Сейсенбі күні Қазақстанның үш қаласында ауа сапасы нашарлайды

2020 жылдың 29 қыркүйек 2020 05:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК мамандары 29 қыркүйек күні Қазақстан қалаларында ауа сапасы қандай болатынын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кәсіпорынның мәліметінше, сейсенбі күні еліміздің үш қаласында - Ақтөбе, Нұр-Сұлтан және Балқашта қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластануы мүмкін.

Өзге шаһарларда метеоахуал - бірқалыпты.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Басты сөздер: Қазгидромет, Экология,
Жоғары қарай