Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Сеулде сайлауалды науқан кезінде биліктегі партия басшысын балғамен ұрған

2022 жылдың 8 наурыз 2022 00:13

СЕУЛ. YONHAP- ҚазАқпарат - Сеулде сайлауалды науқан кезінде 70 жастағы қарт биліктегі ​​Демократиялық партияның (ДП) төрағасы Сон Ён Гильге балғамен шабуыл жасап, оны жарақаттаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат YONHAP агенттігіне сілтеме жасап.

Сонг сәрсенбіде өтетін президенттік сайлау қарсаңында Сеулдің Синчон ауданында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатқан. Сол шақта әлгі қарт адам артынан келіп, қара пластик пакетке оралған балғамен басынан бірнеше рет ұрған.

«Басынан қан аққан Сонг жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді», деп хабарлады ДП өкілдері.

Оқиға болған жерде жүрген адамдар шабуыл жасаған қартты ​​бірден ұстап, полицияға жеткізген.

Полиция күдіктінің сайлау бойынша заңнаманы бұзғандығы және дене жарақатын салғандығы үшін жауап беріп жатқандығын мәлімдеді.


Басты сөздер: Оңтүстік Корея, Оқиға, Әлем,
Жоғары қарай