Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Сеулде карантиндік шектеулер қатаңдатылды

2021 жылдың 27 шілде 2021 01:30

СЕУЛ. YONHAP-ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяда жазғы каникулдың әсерінен коронавирус жұқтырғандардың саны артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат YONHAP агенттігіне сілтеме жасап.

Кореядағы ауруларды бақылау және алдын алу агенттігінің (KDCA) мәліметі бойынша, елде 1318 COVID-19 жағдайы тіркелген, олардың жалпы саны 190 166-ға жетті. 2077 адам қайтыс болған.

Соңғы күндері вирустың Сеулден тыс аймақтарда таралуы күрт көбейді, өйткені демалушылар жазғы маусымда бүкіл ел бойынша туристік бағыттарға саяхаттайды, жаңа жағдайлардың 40 пайызы метрополияға жатпайтын аймақтарда тіркеліп отыр.

Вирустың таралуын тоқтату үшін Оңтүстік Корея Сеул мегаполисінде 4-ші деңгейдегі ең қатаң шараларды тағы екі аптаға, яғни 8 тамызға дейін ұзартты. Қатаң қашықтықтағы шектеулер кешкі сағат алтыдан кейін екі адамнан көп адамның жиналуына тыйым салады және мейрамханалар мен кафелерде кешкі 10-ға коменданттық сағат енгізеді. Сондай-ақ түнгі клубтар мен басқа да ойын-сауық орындарының жұмысы тоқтатылады.

Жоғары қарай