Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Сеулде 25 қабатты көппәтерлі үй өртенді

2022 жылдың 27 наурыз 2022 16:45

СЕУЛ. YONHAP-ҚазАқпарат – Сенбі күні Сеул қаласының орталығындағы көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты. Оқиға орнында бір әйелдің өлі денесі табылып, төт адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат YONHAP агенттігіне сілтеме жасап.

Жергілікті полиция мен өрт сөндірушілердің мәліметінше, Тондэмун ауданындағы 25 қабатты тұрғын үйдің жетінші қабатында түнгі сағат 12:34 шамасында өрт шығып, салдарынан жетінші қабаттағы 40 жастағы ер адам қаза тапты.

Үйдің шамамен 72 тұрғыны өздігінен немесе құтқарушылар көмегімен эвакуацияланды. Иіс тиіп уланған төрт адам ауруханаға жеткізілді.

Тідсіз жаумен күресу үшін 72 арнайы қызметкер мен 20 өрт сөндіру машинасы жұмылдырылған. Жалын екі сағатқа жуық уақыт ішінде сөндірілді.

Жергілікті билік өрттің жетінші қабаттағы пәтердің қонақ бөлмесінен шықты деп шамалап отыр, ондағы пәтер толығымен жанып, жалыны көрші және жоғарғы қабаттағы пәтерлерге тараған.


Басты сөздер: Әлем, Өрт, Оңтүстік Корея,
Жоғары қарай