Ауа райы
Астана -15 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Серпе көтеруден Қазақстан рекорды жаңарды

2020 жылдың 28 қараша 2020 21:04

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауыр атлет серпе көтеруден Қазақстан рекордын жаңартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанның ауыр атлетика федерациясына сілтеме жасап.

«102 келі салмақта Артем Антропов серпе көтеруден Қазақстан рекордын орнатты. Ол 216 келіні көтерді. Бұған дейін осы тәсілден Илья Ильин мықты болатын. Оның нәтижесі 208 келі», делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, ауыр атлетикадан Қазақстан біріншілігі өтіп жатыр. Ерлер мен әйелдер арасында жекелеген жаттығулардан жарыстың жетінші күні қорытындыланды.

102 келіге дейінгі салмақта ерлер арасында 1-орын Қарағанды облысынан келген Артем Антроповқа бұйырды. Оның жиынтық нәтижесі — 373 келі (157+216).

2- орында қызылордалық Рахат Бекболат - 305 келі (135+170)

Үшінші орында қарағандылық Алексей Литовченко - 257 келі (115+142)


Автор Жәнібек Амангелді
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай