Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Серік Шәпкенов: Фрилансерлер қызметін заңнамалық тұрғыда реттеу қажет

2021 жылдың 26 қазан 2021 10:44

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов еңбек нарығындағы жаңа болжамдар туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Пандемия мен жаңа демографиялық ахуал еңбек нарығында жүйелі жұмысты қажет ететін жаңа талаптар қоюда. Біріншіден, жұмыс күшіне қойылатын талаптардың тез өзгеруі. Сарапшылардың пікірінше алдағы 5 жылда жұмыс күшіне қажетті негізгі дағдылардың 40 пайызы өзгереді, әрбір екінші қызметкерге қайта даярлаудан өту қажеттігі туындайды. Екіншіден, демографилық қатерлер. Өнеркәсіп саласында кадрлардың қартаю процессі жүріп жатыр. Бұл салада жастардың тек 20 пайызы жұмыспен қамтылған», - деді Еңбек министрі Үкімет отырысында.

Үшіншіден, министр жұмыстың жаңа форматтарын атап өтті. Қазіргі уақытта «еркін табыс экономикасы» немесе гиг-экономика, фрилансерлер қарқынды дамуда. Олардың қызметін заңнамалық реттеу және еңбек құқықтарын қорғау шаралар қабылдау қажет.

«Осы ретте, министрлік «Кәсіптік біліктілік туралы» заң жобасы, «Әлеуметтік кодекс» жобасы шеңберінде Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту, жұмыс күшін кәсіптік оқудан өтуге ынталандыру бойынша бірқатар бастамалар қолға алды. Электронды еңбек биржасы негізінде онлайн оқу порталын дамыту, кәсіптік бағдарлау, икемді жұмыс формасындағы қызметкерлерді қолдау бойынша электронды сервистерді құру бойынша жұмыстар атқарылуда», - деді С. Шәпкенов.


Жоғары қарай