Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Серік Сәпиев қызметінен кетті

2021 жылдың 19 қазан 2021 16:44

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Танымал боксшы, Олимпиада чемионы Серік Сәпиев ҚР Мәдениет және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы лауазымынан босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл хабарды Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметі растады.

Комитеттің айтуынша, Серік Сәпиев өз еркімен жұмыстан кеткен.

Айта кетейік, жазда өткен Токио Олимпиада ойындарында қазақстандық боксшылар жоғары нәтиже көрсете алмаған еді.

«Басқа боксшылардың да нәтижесі мәз емес, кейбір спортшылар тиісті деңгейдегі дайындықпен келмеді. Жалпы боксшылар Олимпиадада «алтын» алмағандықтан көрсеткіш нашар деп есептеймін», - деп бағалады Серік Сәпиев.

Серік Жұманғалиұлы Қарағанды облысы Абай қаласында 1983 жылғы 16 қарашада дүниеге келген.

2002-2004 жылдары - Қазақстан Республикасының Қарулы күштер қатарында борышын орындаған.

2003-2009 жылдары - Е.А.Букетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінде дене шынықтыру оқытушысы және құқықтану мамандықтары бойынша білім алған.

2011-2014 жылдары - тау-кен істерінің бакалаврі мамандығы бойынша ҚарМТУ-ін бітірген. 2014-2016 жылдары - Қазақ спорт және туризим академиясының академиялық педагогика ғылымының магистрі дәрежесін алған. 2014 жылы - «Болашақ» бағдарламасы бойынша спорт менеджері мамандығын алған.

2004-2014 жылдары - келісімшарт бойынша мерзімнен тыс әскери қызметте болған. 2010-2012 жылдары - «Қазақстанның бокс федерациясы» ФА ОЮЛ жаттықтырушы-оқытушы қызметін атқарған.

2013-2014 жылдары - «Қазақстанның бокс федерациясы» ФА ОЮЛ спорт жөніндегі директоры, 2005-2013 жылдары бокс жөніндегі Қазақстан Республикасының ұлттық командасының штаттында нұсқаушы-спортшы, 2014-2017 жылдары - ЖШС «Astana Arlans» КСК бас директоры болған.

2017-2019 жылдары VI сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі, «Нұр Отан» партиясының Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі фракциясының мүшесі болған.

2019 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы болып тағайындалған еді.

Жоғары қарай