Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 411.54
EUR 458.13
RUB 5.84
CNY 57.64

«Сергек» камералары арқылы жүргізушілер қалай жазаға тартылады

2020 жылдың 1 сәуір 2020 17:16

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Сергек» камералары жол ережесін бұзушылармен қатар карантин кезінде төтенше жағдай режимін сақтамағандарды да қадағалап отырады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тексеру жүргізушіге қатысты жүргізіледі. Көлікті тоқтатқан кезде полиция қызметкерлері «Сергек-патруль» базасына жүргізуші мен көліктің мәліметтерін, атап айтқанда ЖСН, көліктің мемлекеттік нөмірін және жүргізушінің айтуынша оның тұрғылықты және жұмыс орнының мекенжайын тіркейді», - деп атап өтеді ведомстводан.

Ал дәл сол жүргізушіні келесі жолы тоқтатып, тексеру барысында ақпараттық базада тіркелген мәліметтер сай келмесе, онда ол жазаға тартылады. Бұл ретте егер жүргізуші азық-түлік немесе дәрі-дәрмек алуға барған болса, онда ҚР Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 476-бабымен (Төтенше жағдай режимін бұзу) әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды.

«Бірінші рет ескерту беріледі. Ал екінші рет Нұр-Сұлтан қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешіміне сәйкес, 10 АЕК-тен 15 тәулікке дейін жаза қарастырылған. Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті төтенше жағдай режимін бұзбауды және оны сақтауды ескертеді»,- деп атап өтеді департаменттен.


Жоғары қарай