Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 411.54
EUR 458.13
RUB 5.84
CNY 57.64

Сенбіге арналған ауа райы болжамы

2020 жылдың 4 сәуір 2020 01:31

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазгидромет 4 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Республиканың басым бөлігінде атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады. Кей жерлерде жаңбыр жауып, тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстікте найзағай күтіледі.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, найзағай күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, түнде жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 18 м/с дейін күшейеді. Батыс Қазақстан, күндіз Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының Алакөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ақмола, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.


Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Жоғары қарай