Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Сенбідегі ауа райы: Тұман, көктайғақ, күшті жел

2021 жылдың 27 қараша 2021 00:34

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Синоптиктердің болжауынша сенбі күні елімізде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейіп, солтүстікте боран соғуы ықтимал, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

27 қарашада а уқымды антициклонның әсерінен республиканың басым бөлігінде күн райы ашық болады, тек еліміздің қиыр солтүстігінде және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қар жауады. Сондай-ақ, елімізде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейіп, солтүстікте боран соғуы ықтимал.

Ақмола облысының солтүстік-батысында жаяу боран соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында жел 15-20 м/с күшеюі мүмкін.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 17-22 м/с күшеюі ықтимал.

Түнде және таңертең Түркістан облысының таулы аудандарында тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с күшеюі мүмкін.

Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының батысында, солтүстік-батысында, Ақтөбе облысының орталығында, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстігінде тұман түсуі мүмкін.

Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, солтүстік–шығысында көктайғақ болуы ықтимал.

Қостанай облысының солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшейіп, түнде боран соғуы ықтимал.

Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с жетеді, облыстың солтүстік-шығысында боран соғады.

Күндіз Павлодар облысының батысы мен солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді, облыстың солтүстігінде жаяу бұрқасын соғуы ықтимал.

Қызылорда облысының орталығында тұман түсіп, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Жамбыл облысының солтүстігінде және таулы аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Басты сөздер: Қазгидромет, Ауа райы,
Жоғары қарай