Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Сенбі-жексенбіде фитнес орталықтары мен спорт кешендері жұмыс істейтін болды

2020 жылдың 14 қыркүйек 2020 19:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда демалыс күндері фитнес орталықтары мен спорт залдарының жұмыс істеуіне рұқсат берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е. Тоғжановтың төрағалығымен өткен Ведомствоаралық комиссияның отырысында санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру және жұмыс күндері келушілер ағынын азайту мақсатында демалыс күндері бірқатар нысандардың жұмыс істеуіне рұқсат беру туралы шешім қабылданды.

Оның ішінде фитнес орталықтары, спорт-сауықтыру орталықтары, тренажер залдары, спорт кешендері, СПА-салондар, сауналар, бассейндерге (порталда тіркелу infokazakhstan.kz, толымдылығы 30% артық емес, бірақ 50 адамнан артық емес, алдын ала жазылу, бетперде режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтау) жұмыс істеуге тыйым салынбайтыны айтылған.


Жоғары қарай