Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Сенбі күні Өскемен, Теміртау және Балқашта ауа ластанады

2021 жылдың 16 қаңтар 2021 06:32

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК мамандары 16 қаңтар күні Қазақстан қалаларында ауа сапасы қандай болатынын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кәсіпорынның мәліметінше, сенбі күні еліміздің үш қаласында – Теміртау, Өскемен және Балқашта қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластануы мүмкін.

Өзге шаһарларда метеоахуал - бірқалыпты.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


Перевод Жанат Қапалбаева
Басты сөздер: Экология, Қазгидромет,
Жоғары қарай