Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Сенатта Үкіметтің 2020 жылғы бюджеттің атқарылуы туралы есебі қаралып жатыр

2021 жылдың 17 маусым 2021 10:34

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Сенатының жалпы отырысында ҚР Үкіметінің және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2020 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептері қаралып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2020 жылы республикалық бюджеттің атқарылуы жаһандық дағдарысқа байланысты іскерлік белсенділіктің айтарлықтай төмендеуі жағдайында жүзеге асырылды. Жалпы ішкі өнім нақты 2,6 пайызға төмендеді. Бұл негізінен карантиндік шаралардың енгізілуінен қызметтер көрсетудің 5,4 пайызға төмендеуіне байланысты болды. Дегенмен экономиканың нақты секторы 2 пайызға өскенін көрсетті», - деді Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев.

Оның айтуынша,негізгі капиталға салынатын инвестициялар көлемі 3,4 пайызға төмендеді.

Бюджеттің басым бағыттары төтенше жағдай кезінде азаматтарды және нақты секторды қолдауға арналған шығыстар болды. Бұл - әлеуметтік төлемдерді индекстеу, шағын және орта бизнес субъектілеріне салық ауыртпалығын төмендету, «Жұмыспен қамту жол картасы», «Бизнес жол картасы», «Еңбек» және басқа да бағдарламалар.

«Экономикалық өсімді қалпына келтіру бойынша Кешенді жоспар қабылданды. Зардап шеккен салалардан шамамен 700 мың кәсіпкер салықтық ынталандыру және жеңілдік шараларымен қамтылды.

Шағын және орта бизнестің 40 мыңға жуық жобалары арзандатылған мөлшерлемемен қаржыландырылды. Зардап шеккен салаларда қарыз алушылардың 80 пайызы кредиттер бойынша төлемдерін кейінге қалдыру мүмкіндігін алды. Осы шаралар жұмыспен қамту мен іскерлік белсенділікті сақтауға ықпал етті. Жұмыссыздық 4,9% деңгейінде сақталып қалды», - деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, бюджет түсімдері 100,3 пайызға орындалып, 12 трлн

49 млрд теңгені құрады. Шығыстар 98,3 пайызға игерілді және 14 трлн 234 млрд теңгені құрады. Әлеуметтік шығыстар 2019 жылмен салыстырғанда 1,4 трлн теңгеге ұлғайып, 6,6 трлн теңгені құрады. Бұл республикалық бюджеттің жалпы көлемінің

47 пайызы. Бюджет тапшылығы 2 трлн 185 млрд теңге немесе жалпы ішкі өнімнің 3,1 пайызы болды.


Жоғары қарай