Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Дариға Назарбаева: Аграрлық саладағы бағдарламаға кедергілерді анықтау керек

2020 жылдың 28 ақпан 2020 11:47

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік бағдарламалардың сәтті әрі нәтижелі жүзеге асырылуына кедергі болып тұрған жағдайларды анықтау керек. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2010 жылдан бастап Қазақстанда 3 мемлекеттік бағдарлама қабылданды. Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың қолданыстағы үшінші мемлекеттік бағдарламасы 2021 жылы аяқталады. 2017-2021 жылдар аралығында ауыл шаруашылығының жалпы өнімін 2 есеге арттыру жоспарлануда. Статистика комитетінің мәліметтері бойынша 2017 жылдан бастап 2019 жылға дейінгі ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 4,5 трлн теңгеден аспаған. Ал 2021 жылға қарай саланы дамыту бағдарламасы аясында ол 8,2 триллионға дейін өсуі керек. Бағдарламаны жүзеге асырудың 3 жылында 2 триллион теңгеге жуық қаражат тек агроөнеркәсіп кешенін субсидиялауға жұмсалған», - деді Д. Назарбаева Сенатта агроөнеркәсіптік кешенді дамыту туралы парламенттік тыңдауда.

Сенат спикерінің пайымынша, саланы дамыту бағытында ғалымдар мен агроөнеркәсіптік кешен мен мемлекеттік құрылымдардың өкілдері, ғалымдар мен сарапшылар кең ауқымды диалог жүргізуі керек.

«Мемлекет бұл саланы белсенді дамытуға алғышарттар жасап, жағдайды жақсарту үшін үнемі шаралар қабылдап жүр деп білеміз. Ауыл тұрғындары жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалардан ең көп жеңілдіктер мен жәрдемақы алушылар қатарында деп есептейміз. Бірақ іс жүзінде бағдарламалар ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсартып жатыр ма? Бізге мемлекеттік бағдарламалардың сәтті әрі нәтижелі жүзеге асырылуына не кедергі екенін түсіну керек? Бүгін осы және басқа да көптеген мәселелер талқыланады. Сондықтан біз агроөнеркәсіптік кешен мен мемлекеттік құрылымдардың өкілдерін, ғалымдар мен сарапшыларды, жергілікті өзін-өзі басқару депутаттарын және ауылдар мен ауылдардың тұрғындарын еліміздегі ауыл шаруашылығын дамыту жөніндегі кең ауқымды диалогқа шақырамыз. Бүгінгі күні ешкімде дайын формула жоқ. Біздің міндетіміз - жан-жақты ашық және әділ талқылау арқылы жағдайды жан-жақты көру және бағалау», - деді Дариға Назарбаева.


Жоғары қарай