Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Сенаторлар ҰҚШҰ ПА комиссияларының жұмысына қатысты

2020 жылдың 16 қазан 2020 18:55

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сенат депутаттары бейне конференция байланысы арқылы ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының тұрақты комиссияларының отырыстарына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сенатор Андрей Лукин Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) Парламенттік Ассамблеясының Қорғаныс және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының құрамында сарапшылармен бірлесе отырып, ҰҚШҰ-ның бірқатар үлгі заңдарының жобаларын талқылады.

«Отырыста жаппай қырып-жою қаруының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл, қарулы күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар авиациясының халықаралық ұшуларын ұйымдастыру саласындағы заңнаманы жетілдіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің базалық өлшем шарттары мен көрсеткіштері, ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің кибершабуылдар мен қатерлерге қарсы іс-қимыл мәселелеріндегі әрекет жоспары мен құралдарының тұжырымдамасы мәселелері бойынша ұсынымдар жобалары қаралды», - делінген ҚР Парламенті Сенаты баспасөз қызметінің мәліметінде.





Сенат депутаты Дәурен Әділбеков қатысқан ҰҚШҰ ПА Саяси мәселелер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы барысында ұйым аясында жасалған халықаралық шарттардың ратификациясы талқыланды.

Депутат Әли Бектаев ҰҚШҰ ПА Әлеуметтік-экономикалық және құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының жұмысына қатысты. Парламентшілер ұйымның қызметін реттейтін құжаттардың жобаларын және ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының құрылымын өзгерту жөніндегі ұсыныстарды қарады.















Жоғары қарай