Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Сенаторлар ғылыми саланы жетілдіру мәселелерін талқылады

2021 жылдың 2 наурыз 2021 18:42

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Депутаттар бүгін Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында ғылым мәселелері бойынша заңнамаға енгізілген түзетулерді талқылады. Отырысқа сенатор Нариман Төреғалиев төрағалық етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ғылымды, ғылыми-техникалық саланы жетілдіруге және оның нәтижелерін коммерцияландыруға бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы Парламент депутаттарының бастамасымен әзірленген болатын.

«Ұсынылып отырған инновациялар ғылыми зерттеулерді республикалық бюджеттен қаржыландыруға мүмкіндік береді. Бұл қолданбалы ғылыми жаңалықтардың санын көбейтуге, сондай-ақ ел экономикасын дамытуға ғылымның қосатын үлесін арттыруға көмектесетін болады», - делінген Сенат баспасөз қызметінің мәліметінде.





Өзгерістер еңбек қатынастарына да әсер етеді. Еңбек кодексіне енгізілетін өзгерістерге сәйкес, мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысы мен оқытушысына мемлекеттік қызметке кіру және бос мемлекеттік қызметші лауазымына конкурс өткізу тәртібі қолданылмайтын болды.

Комитеттің кеңейтілген отырысына қатысушылар заң жобасы қабылданғанда ғылым саласында мемлекеттік реттеу жетілдіріледі және осы саланың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді деген ортақ пікірге келді.

Құжат Палатаның қарауына жіберілді.





Автор Руслан Ғаббасов
Басты сөздер: Сенат, Ғылым, Заң,
Жоғары қарай