Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Сенатор Лукин: Еліміздің сөрелері сапасыз өнімдерге толып тұр

2020 жылдың 24 қыркүйек 2020 12:41

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сенатор Андрей Лукин отандық тауарларды аккредиттеу және сертификаттау жүйесін жақсарту жөнінде Премьер-Министрге депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Депутат кейбір қазақстандық өнім өндірушілер сапасы төмен, пайдалану қауіпті өнім шығаратынын айтады. Ол бір компанияның теледидарлар өндірісіне «made in kz» сертификат алғанымен іс жүзінде дайын техниканы сатып алғаны туралы мысал келтірді. Айтуынша, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС мен аккредиттеудегі 46 субъектінің тексеру қорытындысы бойынша ұйымдарға 15 мыңнан астам заңсыз сертификат пен 1 700 декларация бергені анықталған. Олардың негізінде елге 11 млрд теңгеге жуық сомаға 600 мыңнан астам тауар әкелінген.

«2019 жылы Алматы қаласының «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы «LG Электроникс Алматы Қазақстан» АҚ-на 58 мың дана теледидар дайындауға «CT-KZ» сертификатын берді. Алайда компания Оңтүстік Кореяда дайын бөлшектерді сатып алып, отандық өнім ретінде сатып келген», - дейді депутат.

Сенатор бұл сертификаттар отандық кәсіпорындарды мемлекеттік қолдау құралы ретінде әкелінетін жинақтарды кедендік баждар мен салықтарды төлеуден босатуға, мемлекеттік сатып алу кезінде қосымша преференциялар мен басымдылыққа мүмкіндік беретінін атап өтті. Ал күмәнді сападағы тауарлар тұтынушылар мен жалпы нарық үшін елеулі қауіп төндіреді.

«Бүгін де ішкі нарықтың жартысы қауіпті, сапасыз, оның ішінде сертификатталмаған өніммен толтырылып, күрделі жағдай қалыптасуда. Талапқа сай келмейтін өнімдерді әкелуге жол бермеу үшін Қазақстанның мемлекеттік бақылау жүйесі алдын алу шараларын қолдануға мүмкіндік бермейді. Ахуалды жағдайды жақсарту үшін қағаз құжат айналымын болдырмай, сәйкестікті растаудың барлық процестерін цифрландыру керек. Сондай-ақ аккредиттеу жөніндегі жұмыстардың барлық кезеңін, аккредиттеу, сертификаттау және техникалық реттеу мәселелері бойынша аккредиттеу субъектілері мен өзге де мүдделі тұлғалардың өтініштерін айқындауды және қадағалауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін электрондық платформаны әзірлеу қажет», - дейді Лукин.


Жоғары қарай