Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Сенатор Екінші дүниежүзілік соғыстағы қазақ офицерлеріне қатысты ақпаратты зерттеуді сұрады

2020 жылдың 23 қаңтар 2020 13:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Екінші дүниежүзілік соғыста шет мемлекеттерде шайқасқан қазақ офицерлеріне қатысты ақпараттарды еліміздің дипломатиялық елшіліктерімен бірге зерттеу керек. Бұл туралы сенатор Дана Нұржігітова Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың атына жолдаған депутаттық сауалында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі депутаттық сауалға Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан қазақ офицерлері туралы мәліметтерді жинақтау және жаңғырту мәселесі себеп болып отыр. Екінші дүниежүзілік соғыс, оның ішінде 1944 жылғы Петсамо-Киркенес операциясы және Норвегияның солтүстігін азат ету кезінде - норвег жерінде, тұтқында 15 500 кеңес жауынгерінің өмірі қиылған.

Бүгінге дейін Норвегия зерттеушілері 9 мыңнан астам шет ел жауынгерлерінің аты-жөндерін анықтады. Сол елдегі әскери зираттар саны 124-ке жетіп отыр. Норвегия жерінде тұтқында болған шетелдік жауынгерлердің аты-жөндерін сәйкестендірумен «Falstad Center» айналысады. Олар Ресей және Германия мемлекетімен тығыс байланыста. Аталған орталықтың Норвегия мемлекетіндегі Қазақстан елшілігіне берген ақпараты бойынша норвегия жерінде 32 қазақ офицері жерленген», - деп тоқталды депутат Сенаттың жалпы отырысында.

Оның сөзіне қарағанда, Қазақстан елшілігі Орталықтың ақпараттық базасымен ары қарай жұмыс жасай отырып, қосымша 13 қазақ жауынгердің аты-жөндерін анықтаған. Тұтқында болған көптеген офицерлер өздерінің туған жерлерін Кеңес үкіметі деп көрсеткен.

«Сол себепті зерттеу жұмыстарын әскери тарихшылар мен тиісті мамандармен бірге жүргізсе, анықталатын ақпараттардың көптігі сөзсіз. Ол жауынгерлер Хьётта (Tjøtta) аралында жерленген. Қорғаныс министрлігінің «Мемориал» ақпараттық базасында қазақ офицерлері туралы кездеспеген мағлұматты Ресей мемлекетінің ақпараттық базаларынан аламыз. Осыған сәйкес, алдағы уақытта Қорғаныс министрлігі осы мәселе бойынша өзге елдермен өзара ақпарат алмасуды сапалық жаңа биікке көтеруі керек деп санаймыз.Ұлы Жеңістің 75 жылдығын тойлау қарсаңында Екінші дүниежүзілік соғыс барысында ерлікпен шайқасқан шет мемлекеттердегі қазақ офицерлеріне қатысты ақпараттарды еліміздің дипломатиялық елшіліктерімен бірге зерттеу жұмыстарын жүргізуді, анықталған ақпараттарды бір ақпараттық кеңістікке үйлестіруді және оны жастарға патриоттық тәрбие ретінде түрлі ақпарат көздерінде таратуды қарастыруды сұраймыз», - деді Дана Нұржігітова.


Жоғары қарай