Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Сенат ұйымдастырған «Аманат» байқауы: ҚазАқпарат тілшісі жүлделі болды

2021 жылдың 25 маусым 2021 13:53

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай ҚР Парламенті Сенаты ұйымдастырған «Аманат» байқауының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жалпы, кез келген қоғам үшін ақпараттың алар орны ерекше. Әсіресе, қазіргідей пандемия кезеңінде тілшілердің рөлі арта түскенін бәріміз көріп отырмыз. Қандай жағдай болса да отандық журналистер кәсіби біліктіліктің биігінен көрініп, белсенділік танытып келеді.

Осы ретте Мемлекет басшысының тапсырмасымен 28 маусым Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері күні болып жариялануын ерекше атап өткен жөн. Президентіміз бүгінгі құттықтауында да Қазақ радиосының 100 жылдығына орай 1 қазанды Радио қызметкерлері күні деп ресми түрде бекітуді ұсынды. Осындай бастамаларды журналистердің қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін қызметтеріне берілген жоғары баға деп қабылдаймыз», - деп жазды Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Facebook-те.

Мәлім етілгендей, биыл «Аманат» байқауына жоғары кәсіби деңгейдегі 100-ге жуық жұмыс келіп түсті. Жеңімпаздарды анықтауда өңірдегі журналистер де назардан тыс қалмаған.

Нәтижесінде:

- «Үздік телевизиялық материал» аталымында Индира Жылқайдарова («Хабар» агенттігі) мен Светлана Пенькова («Евразия» бірінші арнасы»);

- «Ү здік радиоматериал « аталымында – Дулат Абибуллаев («Qazaq radiosy»),

- « БАҚ басылымдарындағы үздік жарияланым « аталымында – «Атырау» газетінің ұжымы мен Оксана Скибан («Литер» газеті);

- «Интернет-басылымдағы үздік жарияланым» номинациясында – Marlan Zhiyembay («ҚазАқпарат» ХАА) мен Евгений Федотов (Kazpravda.kz);

- «Әлеуметтік желілердегі үздік жарияланым» бойынша – Нартай Аралбайұлы және Тәуелсіздіктің 30 жылдығы туралы үздік материал аталымында Жолдыбай Базар («Егемен Қазақстан» газеті) мен «Хабар 24» телеарнасының ұжымы топ жарды.



















Сондай-ақ, парламенттік журналистиканың дамуына қосқан үлесі үшін тағайындалған арнайы сыйлық Эльдар Нуруллинге («Экспресс-К» жаңалықтар порталы) бұйырды.

«Биыл байқаудың бір ерекшелігі ретінде белгілі қазақстандық журналистер Нұртілеу Иманғалиұлы мен Михаил Дорофеев атындағы екі арнайы жүлденің тағайындалғанын атап өтуге болады. Екі азаматымыз да отандық журналистиканың дамуына үлкен үлес қосқан қаламгерлер еді. Олардың кәсіби шеберлігі мен мол тәжірибесі жас журналистер үшін қашанда үлгі-өнеге болып қала беретіні анық. Оған біздің байқау да өзіндік ықпалын тигізеді деп үміттенеміз», - деді М.Әшімбаев.




Сонымен, қазақ журналистикасының дамуына қосқан үлесі үшін Нұртілеу Иманғалиұлы атындағы сыйлыққа – белгілі тележурналист Жайна Сламбек («Qazaqstan» ұлттық телеарнасы), ал «Үздік аналитикалық материал» үшін Михаил Дорофеев атындағы сыйлыққа Юрий Масанов (Kursiv.kz) лайық деп танылды.


Жоғары қарай