Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Сенат сайлауы заңнама нормаларына сай өтті - Берік Имашев

2020 жылдың 13 тамыз 2020 17:03

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАпарат – ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлаудың рәсімдері заңнама нормаларына сай өтті. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сайлау туралы» Конституциялық Заңының бұзылуы туралы аумақтық сайлау комиссияларынан ұсыныстары немесе таңдаушылардың арыздары келіп түскен жоқ. Дауыс беру мен басқа да сайлау рәсімдері сайлау заңнамасының нормаларына сай өтті», - деді Б. Имашев ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысында.

Бұл сайлау науқанының ерекшелігіне тоқталған ол, әйелдердің саяси белсенділігі артып келе жатқанын атап өтті. Яғни, сайланған 17 депутаттың 5-і әйелдер, бұл көрсеткіш 29,4 пайызды құрады. 2014 және 2017 жылдардағы сайлауда бұл көрсеткіш тек 6 пайыз болған.

ОСК төрағасының айтуынша, сайлау күні Ортсайлаукомның интернет-ресурсы арқылы таңдаушыларды тіркеуді және дауыс берудің алдын ала қорытындыларын шығаруды онлайн байқау сервистері жұмыс істеді. Осылайша, сайлау процесінің ашықтығы мен жариялылығы қамтамасыз етілді. Бұл процесс ҚР ОСК ақпараттық арналары арқылы жедел түрде жария етілді.

Дауыс беру рәсімін және сайлау қорытындыларын шығаруды 242 жергілікті және 5 халықаралық байқаушы байқап отырды. Сайлау өңірлердегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, сайлау процесінің санитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі барлық қажетті шараларды сақтай отырып өткізілді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысында ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлаудың қорытындысы жарияланды.




Жоғары қарай