Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Сенат сайлауы: Атырауда Сағындық Лұқпанов көп дауыс алды

2020 жылдың 12 тамыз 2020 15:35

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырауда Сенат депутатының сайлауында Сағындық Лұқпанов дауыс берушілердің 86 дауысын (82,69%) жинады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Айнұр Аманжолованың мәліметінше, Сенат депутатын сайлауда әр деңгейдегі мәслихаттардың 111 депутаты дауыс беруі тиіс еді. Бүгінгі сайлауда дауыс беруге мәслихаттардың 105 депутаты қатысты.

«Сенат депутаттығына тіркелген кандидаттардың арасынан Сағындық Лұқпановты жақтап 86 адам дауыс берген. Бұл барлық дауыстың 82,69 процентін құрады. Ал, өзге кандидаттар Серік Смағұлов 11 (10,5%), Сағын Сейілханов 7 (6,73%) дауыс жинады» -деп хабарлады комиссия хатшысы Айнұр Аманжолова.


Автор Бек Мұстафа
Басты сөздер: Сенат, Сайлау, Атырау облысы,
Жоғары қарай