Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Сенат сайлау: Алматы облысында Сұлтан Дүйсембинов 92 пайыз дауыс жинады

2020 жылдың 12 тамыз 2020 14:33

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында Сенат депутатын сайлауда Сұлтан Дүйсембинов 92 пайыз дауыс жинады. Ол облыстық мәслихаттың хатшысы қызметін атқарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысында Сенат сайлауына облыстық және қалалық мәслихаттардан 287 депутат қатысып, дауыс берді.

Бұл 17 аудан 3 қала бойынша халық қалауылар санының 92 пайызы. Дауыс беру барлық санитарлық талаптарға сай, ара қашықтықты сақтау, залалсыздандыру жұмыстарын жүргізе отырып, жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Бұл өңірден жалпы 9 кандидат тіркеліп, 7 үміткер әртүрлі себеппен додадан шығып қалды. Сайлауға екі үміткер қатысты. Олардың бірі облыстық мәслихаттың хатшысы Сұлтан Дүйсембинов болса, екінші кандидат аймақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Әсет Қыдырманов. Сайлаушылардың 92 пайыз дауысымен Сұлтан Дүйсембинов жеңіске жетті.





Жоғары қарай